Жол апатының салдарынан Ford Focus жүргізушісі сол жерде көз жұмды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
"Түрлі жарақаттарымен екі жолаушы аудандық ауруханаға жатқызылды. ЖКО фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады Жамбыл облысы полиция департаменті.
Өңір полициясы барлық жүргізушілерді рұқсат етілген жылдамдық режимін қатаң сақтауды және жол ережелерін бұзбауды ескертті.