Жамбыл облысында жол апатынан екі адам өртеніп қаза болды

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Atameken Business-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, 23 қыркүйек күні түнде Жуалы ауданының Б. Момышұлы-Қошқарата тас жолының 24-ші шақырымында Audi-80 және ЗИЛ-130 соқтығысқан, нәтижесінде көліктер өртенді.

Өрт салдарынан Audi-80 жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. ЗИЛ көлігінң жүргізушісі мен жолаушысы түрлі жарақаттармен орталық аудандық ауруханаға жеткізілді.  Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.