Жамбыл облысында жол апатынан Өзбекстанның бес азаматы зардап шекті

Жол апаты Қордай ауданында, Алматы-Тараз тас жолының 174-ші шақырымында болған. Шымкент-Алматы бағытында келе жатқан "Мерседес" автобусы аударылып қалды. Автокөлікте 35 адам отырған. Апат салдарынан 20-45 жастар аралығындағы 5 жолаушы түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.