ТЖМ мәліметінше, Жамбыл облысының Байзақ ауданында ( Алматы - Ташкент тас жолының 471-ші шақырымы) 20 шілдеде сағат 05.00-де "ВАЗ-21099" автокөлігінің жүргізушісі "Мерседес" көлігімен соқтығысты.
Жол апаты салдарынан "ВАЗ-21099" көлігінің жүргізушісі (47 жастағы) мен оның екі жолаушысы (26 жастағы жігіт пен 12 жастағы жасөспірім), сондай-ақ, "Мерседес" жолаушысы (42 жастағы әйел ) оқиға орнында жан тапсырды. "Мерседес" жүргізушісі (47 жастағы) мен оның жолаушылары (39, 45, 55 жастағы 2 және 54 жастағы бір әйел) ауруханаға жатқызылды.