Жамбыл облысында жол апатынан үш адам мерт болып, үшеуі жараланды

Апат Алматы-Ташкент тас жолының 426-шы шақырымында Т.Рысқұлов атындағы аудан маңында болды. "ВАЗ-2106" автокөлігінің жүргізушісі "Мерседес-Бенц" шағын автобусымен соқтығысты. Апат салдарынан жеңіл автокөліктің жүргізушісі мен екі жолаушы оқиға орнында жан тапсырды. ВАЗ-да отырған тағы екі жолаушы мен Мерседесте отырған бір жолаушы ауруханаға жатқызылды.