Жол апаты 12-қазанда Алматы-Тараз тас жолының 167-шақырымында болды. "Ауди" автокөлігінің жүргізушісі тізгінге ие бола алмай, көлікті аударып алған. Апат салдарынан оқиға орнында 6 және 10 жастағы екі бала жан тапсырса, 2 жасар қыз ауруханаға жеткізу барысында қайтыс болған.