Жамбыл облысында жолаушылар тасымалдайтын автокәсіпорындар қыс маусымында жұмыс істеуге дайын емес

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, облыс халқына жолаушыларды тасымалдау қызметін көрсетумен 27 тасымалдаушы айналысады, олардың 233 бағыты бар. Оған түрлі маркалы 1898 автобус тартылған.