-Автовокзалға барамыз, сол жерден салып жібереміз. Мына автобус жүрмейді ол жаққа.
-Не үшін жүрмейді?
-Жүрмесе автобус тауып отырғыз. Оның ақшасын төлеңіз.Кім әпереді сонда біздің билетімізді?
Түркістаннан Алматыға шыққан жұрт түн ішінде жарты жолда сандалып жүрді. Бәрі мінерге көлік іздеп басымен қайғы. Жолаушыларға қолайсыздық туғызған автобус жүргізушісі. Оның адам тасымалымен айналысуға рұқсаты болмаған. Тіпті жүріп-тұру бағытын айқындайтын тахографы да жұмыс істемей тұр. Осы кемшіліктері үшін автобусынан жолаушылар түсіріліп, өзі кері қарай қайтарылды. Сабыржан Ибрагимов лицензия алу құнының тым жоғары екенін айтып ақталды. Алайда, бұл уәжіне тексерушілерді иландыра алмады. Ақыры ызаға булыққан азамат, бақылау постындағы жол полицейлерін жемқорлар деп айыптады.
-Сіз жолаушы тасымалдап жатқан адамнан ақша сұрап жатырсыз.
-А?
-Өтірік емес. Халық біледі тұрып алып ақша істегеннен түк білмейсіңдер.
Loading...