Жамбыл облысында жолдағы апаттан үш адам қаза тауып, екеуі зардап шекті

ТЖМ мәліметінше, Жамбыл облысының Мойынқұм ауданында Алматы-Астана тас жолының 343-ші шақырымында 18 тамызда сағат 14.30-да "Тойота" көлігінің 24 жастағы жүргізушісі "Хонда" көлігімен соқтығысты.

Апат салдарынан "Тойотаның" жүргізушісі мен оның екі жолаушысы оқиға орнында қаза тауып, "Хонда" жүргізушісі мен оның жолаушысы ауруханаға жатқызылды.