Жамбыл облысында жол-көлік оқиғасы салдарынан 10 адам қаза тауып, 34 жолаушы жарақат алды

«Алматы-Ташкент» бағытында келе жатқан 52 жолаушысы бар «Сетра» көлігі «Хово» жүк көлігімен қақтығысып қалды.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан 10 адам, оның ішінде 1 бала қаза болды. 34 жолаушы әртүрлі жарақаттармен Т. Рысқұлов ауданының ауруханасына жеткізілді. Олардың жетеуі жансақтау бөлімінде жатыр.


Оқиға орнына прокуратура мен полиция қызметкерлері шықты. Қазіргі уақытта прокуратура мен аудандық ІІБ-мен тексеру жүргізілуде.