"13 қаңтардағы 22 сағаттағы жағдаймен аударылған үш вагон шойын жолға қайта қойылып, Шу станциясына жіберілді. Кері бағыттағы жолды жауып қалған үш вагон шойын жолға қойылып, екі вагон Шоқпар станциясына, бір вагон Алаайғыр станциясына жіберілді. Енді жолға қойылмаған 15 вагон қалды", -деп хабарлайды ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметі.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 12 қаңтарда 17 сағат 35 минутта Шоқпар-Алаайғыр өткелінде (3821 км), Шу станциясынан Отарға қарай 70 шақырым жерде Алматы облысының Шу станциясынан Боралдай станциясына жол тартқан №2908 жүк поезының 21 вагонының (барлығы көмір тиелген 49 вагонов) 18 вагоны аударылып, соның ішінде 3 вагон кері бағыттағы жолды басып қалды. Оқыс оқиғаның салдарынан 3 электр бағаны құлап, оң тармақта 400 метр темір жол, сол жақ тармақты 12 метр темір жолға зақым келді. Апаттың алдын-ала себебі автосцептің үзілуі мен бір вагон тежегішінің өзіндігінен жұмыс істеуінен болған деп танылуда.
Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, төтенше жағдайдың зардаптарын жоюға темір жолдың Жамбыл бөлімінің қалпына келтіруші бригадасының 100 адамы мен Алматы және Шу станциясының 2 қалпына келтіруші поезы; ҚР ТЖМ-нің 5 адамы мен 2 техникасы жұмылдырылды.