Жамбыл облысында жүк пойызы рельстен шығып кетті

«20 сәуір күні 14 сағат 40 минутта Жамбыл бөлімшесінің жолында Луговая-Құрағатты өткелінде жүк пойызының 13 вагоны жолдан шығып кетті. Вагондар «Теміржол жөндеу» АҚ тиесілі. Поездардың қозғалысы тоқтады.  Оқиға орнына Жамбыл мен Шу станцияларында орналасқан қалпына келтіруші пойыздар жөнелтілді» , - деп жазылған хабарламада.

Оқиғаның мән-жай анықталуда.