ТЖМ мәліметінше, бүгін 4 сағат 25 минутта Жамбыл облысындағы теміржол станциясында жүк пойызының екі бос вагоны шойын жолдан шығып кетті. Құрбан болғандар мен зардап шеккен ешкім жоқ. Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, соның салдарынан пойыздардың қозғалысы тоқтатылды. 5 сағат 25 минутта пойыздардың қозғалысы қалпына келтірілді.