Жамбыл облысындағы әскери бөлімшенің командирі 25 тонна дизельдік отынды ұрлады деген күдік тууда

Орталықтың ақпараттарына сүйенсек, Қордай ауданының Гвардейск ауылындағы Гвардейск әскери-тергеу басқармасының қызметкерлері жалпы құны 822 мың теңге тұратын дизельдік отынның ұрлану дерегін анықтаған. Тергеу барысында белгілі болғандай, әскери бөлімшелердің бірінің командирі, келісім-шарт қызметінің сержанты және жанармай қоймасының бастығы пайдакүнемдік мақсатта 2002-жылдың қарашасынан 2003 жылдың ақпаны аралығында 25 тонна дизельдік отынды ұрлаған. Полицейлердің ақпараттарына сәйкес, аталмыш дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті