Жамбыл облысындағы ауылдардың бірінен тағы бір әуе бомбасы табылды

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Tengrinews.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.

22 ақпан күні сағат 14:30-да полицияға 29 жастағы жергілікті тұрғын хабарласқан. Ол Жамбыл облысы Байзақов ауданы Ақжар ауылынан 15 шақырым жердегі бұрынғы әскери полигон аумағынан снаряд табылғанын айтқан.

"Оқиға орнына келген саперлер снарядты зерттеп, оның "ОФАБ-100" үлгісіндегі жарылғыш-фугасты авиациялық бомба екенін анықтады", - делінген хабарламада.


Зерттеуден кейін саперлар бомбаны залалсыздандыру үшін Жамбыл облысы Айша бибі ауылындағы полигонға алып кеткен.