Жамбыл облысындағы жол апатынан 6 адам көз жұмды


Тізгінге ие бола алмаған жеңіл көлік жүргізушісі қарсы бағытқа шығып кетіп, басқа машинамен бетпе бет соғылған. Салдарынан жүргізуші мен 5 жолаушы оқиға орнында жан тапсырды. Ал кінәлі көлік иесі ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілген. Барлығы сол Тұрар Рысқұлов ауданының тұрғындары.