Caravan Logo

Жамбыл облысындағы жаппай улану оқиғасы: бір бала жансақтауда жатыр

Жамбыл облысындағы жаппай улану оқиғасы: бір бала жансақтауда жатыр

17 наурызда Меркі аудандық орталық ауруханасының жұқпалы аурулар бөліміне Меркі ауылы Ойтал учаскесі "Нұрай" бөбекжай бақшасының 10 тәрбиеленушісі жеткізілген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның ішінде 9 жағдай жіті ішек инфекциясы, 1 жағдай энтеровирусты инфекция диагнозымен тіркелген.

"1 бала жансақтау бөліміне ауыстырылған, жағдайы бірқалыпты (оң нәтижелер байқалады)", - делінген хабарламада.

Осыған байланысты облыс әкімі Ербол Қарашөкеевтің тапсырмасына сәйкес жұмысшы топ құрылып, әр баланың жағдайымен танысып, жағдай зерделеніп жатыр. Аурудың неден шыққаны анықталып жатыр.

"Қазіргі уақытта ауруханада қосымша төсек орны қажетілікке байланысты дайын. Дәрі-дәрмек қоры жеткілікті.

Бөбекжай жұмысы залалсыздандыру жұмыстарын жүргізу үшін екі тәулікке тоқтатылып, ата аналарға ескертілген. Құзырлы органның тексеру қорытындысы бойынша тиісті шешімдер қабылданады.

Қоғамдық ахуал тұрақты, жағдай бақылауда.

Автор: Caravan.kz