Жамбыл облысының әкімдігі тұрғын үй құрылысы саласында ынтымақтастықты нығайтпақ

Тараптар тұрғын үй құрылысын дамытудың түрлі буынын талқылады, тұрғын үйді аймақ тұрғындарына қалай қолжетімді ету туралы тілге тиек етті, әкімдік пен банк арасындағы ынтымақтастықты нығайту туралы пікір алмасты», - делінген облыс әкімінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

А.Жұмағұлов әкімдік бөлген жер телімдеріне бір типті жекеменшік тұрғын үйлер, үшжақты келісім (банк, жергілікті атқарушы орган, құрылыс жүргізуші) шеңберінде жеке инвесторлардың қатысуымен бір және екіқабатты үйлер, Шу және Қордай аудан орталықтарында жекеменшік тұрғын үйлер салуды ұсынды.

Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі басқарма төрағасы атап көрсеткендей, Шу және Қордайдың әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері бойынша келешегі мол, облыста адам саны жағынан Тараздан кейін Қордай екінші және Шу үшінші орын, орташа еңбекақы мөлшері бойынша Шу бірінші орын, Қордай үшінші орын алады.

«Мұндай ұсынысты біз Жамбыл облысының өзіне тән ерекшелігін, аймақтағы тұрғын үй нарығындағы баға құрылымын ескере отырып жасап отырмыз, өйткені біз халыққа қолайлы бағамен баспана алу мүмкіндігін беруіміз тиіс», дейді А.Жұмағұлов.

Сонымен қатар, банк басшысы Жаңатас және Қаратау қалаларында тұрғын үйді қалпына келтіру жобасын ұсынды.

Облыс әкімі аудан орталықтары мен Таразда жер телімдерін қарастыруға тапсырма берді.

«Бізде үй салу комбинатының құрылысы жүруде, цемент зауыты жұмыс істеуде, тұрғын үй салуға қызығушылық танытып отырған инвесторлар бар. Осылайша, бізде тұрғындарды үймен қамтамасыз ету үшін барлық алғышарттар бар. «Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасы бойынша облыста 2,8 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі», - дейді К.Көкірекбаев.


Сонымен қатар, биыл Тараз қаласының «Бәйтерек» ықшам ауданында 65 пәтерлі үй пайдалануға беруге дайындалуда, қазіргі кезде баспана сатып алуға берілген өтініштер төлем қабілеттілігін растау тәртіптемесінен өтуде. Сонымен қатар, банк «Бәйтерек» ықшам ауданында тағы бір 65 пәтерлі үй салу және сол ықшам ауданда тағы екі 75 пәтерлі үйді жобалау бойынша ынтымақтастық жүргізу туралы келісім бекітеді.

Жамбыл облысында Тұрғынүйқұрылысжинақбанк желісі бойынша «Қолжетімді тұрғын үй» бағдарламасын жүзеге асыра бастағаннан бері барлығы 1 млрд 724 млн теңге бөлінді, 11,4 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.

«Тұрғынүйқұрылысжинақбанк» АҚ 2003 жылы құрылды. Банк Қазақстанда «Қолжетімді тұрғын үй – 2020» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде тұрғын құрылыс жинақ жүйесін жүзеге асырушы жалғыз қаржылық институт болып табылады.