Қ.Бозымбаевтың кандидатурасын облыс активі мен облыстық мәслихат депутаттарына президент әкімшілігінің басшысы Кәрім Мәсімов таныстырды, деп «Интерфакс-Қазақстан» агенттігінің тілшісі хабарлады.
К.Мәсімов атап көрсеткендей, облыстың бұрынғы әкімі Ерлан Арын өз өтініші бойынша қызметінен босатылды және үкімет басшысы оған атқарған жұмысы үшін алғыс білдірді.
Қанат Бозымбаев Жамбыл облысын 2009 жылдың қарашасынан бастап басқарды.