Жамбыл облысының кейбір аудандарында тасқын қаупі әлі де сақталып отыр

"Мерке ауданында жыл сайын ақпан және наурыз айларында тасқын қаупі байқалады. Қазір біз кешенді шараларды алып жатырмыз. Басты мақсат- адамдар өміріне қауіп төндірмеу, сондай-ақ, адамдардың баспаналарын зілзаланың зақымынан сақтап қалу", - деді Б. Жылысбаев.

Оның айтуынша, Кеңес ауылының оңтүстік-шығысында Қайыңды сай арнасы бойынша қазылған арналар арқылы су өткізілді. Үйлерді тасқын суларынан қорғау үшін арықтар тазартылып, тасқын суы бос алаңдарға қарай жіберілді. Абай көшесіндегі ұзындығы 1,7 шақырымдық үлкен арықтың екі жағалауы да бекітіліп, басқа да шаралар алынды. 170 мың теңгеге "Ленин жолы" су қоймасын нығайту жұмыстары жүргізілді. Ахуалға тәулігіне үш мәрте талдау жасалуда. Зардап шеккен ешкім жоқ.

14 ауылдық және кенттік округтерде тасқынның алдын алу мен төтенше жағдайлардың алдын алу шаралары бекітілді. Арнаулы көмекке мұқтаж емес және төтенше жағдайларға өз күшімен төтеп бере алатын барлық ауылдық округтердің әкімдерінің әрқайсысына 100 литр жанармай мен 150 литр дизельдік майдан бөлінді. Республикалық , облыстық және аудандық маңызы бар барлық автокөлік жолдарын бойлай құрылғылар мен көпірлер, су жіберу құбырлары тазартылды.

Аудандық бюджеттің резервінен төтенше жағдайға деп күрделі техниканы жалға алу мен жанар-жағармай сатып алуға 1 млн теңге бөлінді.

Қазір төтенше жағдайдың алдын алу жөніндегі талдамалық топ құрылып, оған "Қазселденқорғау", аудандық төтенше жағдайлар басқармасы мен Шу-Талас бассейндік су шаруашылығы басқармасының мамандары кірді. Талдамашы топ "Кеңес-4", "Мозговое", "Ленин жолы", "Ақермен" су қоймаларындағы су деңгейін ұдайы бақылап, Мерке және Аспара өзендеріне құйылып жатқан суды қадағалап, тау баурайларындағы қардың тереңдігін, "Майлыбай" және "Чон" каналдарын бақылауда. Тасқын қаупі бар аудандар айрықша бақылауға алынды.