Жамбыл облысының медицина қызметкерлері жалақыға қосымша ақы алу үшін жалған сертификаттарды пайдаланған - прокуратура

Оның айтуынша, қазір прокуратураның қолында Тараз перинатальды орталықтың 4 фельдшер-лаборантына қатысты дәлелдер бар, олар жалақыға қосымша ақы алу үшін жоғары санаттың берілгендігі туралы жалған сертификаттарды пайдаланған.

Бұл фактілер бойынша қылмыстық іс қозғалған. Қалған күдік туғызған сертификаттарды облыстың қаржы полициясы тексереді, деді ол.