Баспасөз қызметінің хабарлауынша, Меркі ауылына келіп жергілікті тұрғынның үйін салып жүрген бір Қырғызстан азаматы мен төрт Өзбекстан азаматы ұсталды.
Олардың көші-қон қағазында Қазақстан Республикасына "қонаққа" келді деп көрсетілген. Алайда, олар жұмыс істеп, пайда тапқан. Олардың үстінен ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 394-бабы 2-бөлігімен әкімшілік іс қозғалып, сотқа жолданды.
"Меркі аудандық сотының қаулыларымен шетел азаматтары әкімшілік жауапкершілікке тартылып, әрқайсысын бір күннен қамауға алу және ҚР аумағынан қудалай шаралары қолданылды", деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті