Жамбыл облысының "Мөңке" әскери полигонында болған жарылыстан жедел қызметтің екі сарбазы зардап шекті- ТЖМ

"Жамбыл облысының "Мөңке" әскери полигонында 27 наурызда 11 сағат 45 минутта гильзаларды жинау кезінде бір сарбаз 30 мм-лік "ВОГ-17" жарылмаған оқ-дәріні басып кеткендіктен жарылыс болған. Екі сарбаз түрлі жарақат алып, ауруханаға жеткізілді", деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.