Жамбыл облысының полиция қызметкерлері биылғы жылы адам құқығын жиі таптаған - прокуратура

"Прокуратура биылғы жылы Жамбыл облысының ішкі істер департаменті қызметкерлері тарапынан азаматтардың конституциялық құқығын бұзған 45 деректі анықтады. 2006 жылы ондай заң бұзушылықтар саны 39 болатын", - деді С. Қалқабаев.

Прокуратура анықтағанындай, Тараздың қабылдау-тарату мекемесінің қызметкерлері ұсталған азаматтардың жеке деректерін анықтау үшін ғана қамап қоймай, статистикалық көрсеткіштерді көтеру үшін де ұстағаны белгілі болды.

"Прокуратура бұл мекемеде екі әйелдің бір айдан бері қамауда негізсіз ұсталғанын білгеннен кейін, осындай қорытынды жасауға мәжбүр болған. Құрықталған екі әйелдің кім екендерін анықтау оңай болған. Екеуі де Таразда тұрады, құжаттары да дұрыс", - деді С. Қалқабаев.

Сонымен қатар, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандығын сақтауға қатысты жүргізілген тексерулер кезінде 35 адамның заңсыз қызмет ғимаратында ұсталып отырғандығы анықталды. Үшеуі уақытша тергеу қапасына жөнелтілген болса, үшеуі негізсіз қылмыстық жауапқа тартылған.