Жамбыл облысының прокуратурасы денсаулық сақтау министрлігіне барлық медицина қызметкерлерін ВИЧ -ке міндетті түрде тексеруден өткізуді ұсынды

Облыстық прокуратураның мемлекеттік органдар қызметінің заңдылығын бақылау бөлімінің орынбасары Еркін Қуанышевтың айтуынша, 2003 жылғы қазанның 20-ындағы денсаулық министрінің бұйрығымен расталған ережеде медицина қызметкерлерін міндетті түрде ВИЧ-ке тексеруден өткізу жайы қарастырылмаған. "Осындай баптың болмауы Мойынқұм аудандық ауруханасында бір емделуші жаңа босанған әйелге індет жұғуына алып келді. Өйткені осы аурухана медбикесінің қаны оған тексерілмей тұрып құйылады".

Сонымен қатар, прокуратура мемлекеттік қызметке тұратын азаматтардың барлығын да медициналық тексерілуден өткен кезде ВИЧ инфекциясы мен СПИД-ке қан тапсыруды міндеттеу қажет деп санайды.

Осыған қоса, прокуратура денсаулық сақтау министрлігінің 2005 жылы 22 қыркүйектегі бұйрығына донорды тексеру ережесіне толықтыру енгізу қажет деп тауып отыр. Онда төлқұжатқа қоса, тұрғылықты жерін көрсеткен қағазы да болуын ұсынады.

Сонымен қатар, әр қан тапсырушыға тиесілі жеке коды болуы туралы ұсыныс түсті.

Облыстық прокуратураның мәліметтерінше, қазіргі кезде Жамбыл облысында ресми түрде 537 қан тапсырушы тіркеуде тұр. Республика бойынша 2005 жылы 9913, 2006 жылы 7088 қан тапсырушы тіркелген.

Өзінің ұсыныстарын проруратура денсаулық сақтау министрлігіне жіберді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті