Жамбыл облысының Қордай ауданында «Ниссан Примьера» және «Тойота Камри» машиналары соқтығысты

"Бүгін түнде, сағат 4-те, Алматы-Ташкент республикалық маңыздағы автожолында Алматыға қарай бағыт алған «Ниссан Примьера» автомашинасы  қарсы беттегі жолға шығып кетіп, "Тойота Камри" автомашинасымен соқтығысты, - деп хабарлады  ведомствоның баспасөз қызметі. - Жол-көлік оқиғасы салдарынан "Ниссан Примьера" көлігінің 30 жастағы жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Үш жолаушы (бір қыз және екі ер адам) Қордай аулындағы аудандық ауруханаға жеткізілді. "Тойота Камри" көлігінің 29 жастағы жүргізушісі мен оның екі жолаушысы да әртүрлі дене жарақаттарымен Қордай аудандық ауруханасына жатқызылды".

Жол-көлік оқиғасы бойынша тексеру жұмыстары жүргізілуде, бірқатар сараптамаалар тағайындалды", деп нақтылады Жамбыл облысы ІІД жол полициясы басқармасының баспасөз қызметі.