Жамбыл облысының Құмөзек қыстағында төрт адамның өлімі шықты

ІІД-нің ақпаратына сәйкес, шаруа қожалығының қожайынының Сәбит есімді немересі оның үйіне келген жерде өртенген үйден туыстарының өліп жатқанын көрген. Сөйтіп ол шалғайдағы қыстақтан бірнеше сағат бойы шауып жетіп, полицияға хабар береді.

Өртенген үйдің ішінен екі ер азаматтың денесі табылған. Полицейлер сондай-ақ шаруашылық иесінің 19 жастағы ұлы мен 17 жастағы жалданбалы шопанның өрт шалған денелерін көмілген жерінен қазып алған.

Оқиғаның мән-жайын тексеру барысында полицейлер қожалық иесінің 38 жастағы туысының ізіне түседі.

Жедел тергеу тобының анықтауынша, көрші шаруашылықтың иесі болып табылатын әлгі азамат осыдан екі ай бұрын өзінің туысымен жанжалдасып, араздасып қалған. Кезекті жанжал барысында марқұм достарымен қосылып туысын соққыға жыққан. Ал ол таң ата оралып, үйдегілердің барлығын атып өлтіріп, ізін жасыру үшін үйді өртеп жіберген.

Күдікті адақтыға жабылды. Ол өзінің қылмысын мойындап отыр.