Жамбыл облысының тұрғынынан бір тоннадан астам марихуана тәркіленді

Шу аудандық ішкі істер бөлімімен бірлескен іс-шара кезінде қарақоға жинап жүрген 1970 жылы туылған Қазақстан азаматын ұстады.

Бұл туралы ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметі хабарлады.

Оның жинаған марихуанасының жалпы салмағы 1 тонна 28 кг болып шықты. Аталған дерек бойынша материалдар Жамбыл облысы Шу аудандық ішкі істер бөліміне берілді.