1 сәуірде сағат 20.00 Тараз ауруханасына Жамбыл облысының қылмыстық атқару жүйесі комитетінің 158/4 түзеу мекемесінен жазасын өтеп жүрген екі адам жеткізілді. Олардың біреуінің мойны пышақ жарақаттарымен және 4 дәрежелі геморрагиялық талмамен жедел жәрдем ауруханасының жан сақтау бөлімінде жатыр. Ал екіншісі іш пен көкірегіне алған ауыр жарақаттардан ауруханаға бара жатқан жолда көз жұмды.
158/4 қылмыстық атқару жүйесі комитетінің мекемесінде қастандықпен денсаулыққа ауыр жарақат келтіргені үшін өткен жылдың тамыз айынан 2014 жылға дейін бас бостандығынан айрылған 33 жасар күдіктіні анықтады.
Сотталғаннан жауап алынып, ол жасаған қылмысын мойындады. Жамбыл облысының ІІД арнайы тергеу жүргізіп жатыр.