Жамбыл полициясының қызметкерлері қолдан жасалған бес мыңдық купюраларды тәркіледі

"Алматы облысынан Жамбыл облысына АИ 0106699 номері бар 20 ға тарта бес мыңдық жалған купюралар кіргізілді. Жалған ақшасы таратты деген күдікпен төрт жас адам құрықталды, оның біреуі бұдан бұрын қару- жарақ сатып, сақтағаны үшін сотталған болып шықты ", - деп хабарлады Р. Қалдыбекова.

Оның сөздері бойынша, жалған ақша туралы ақпаратты жол бойында тұрған дүңгіршек саудагері хабарлады. Күдіктілер одан ұсақ -түйек заттарды сатып алған көрінеді.

"Әйел жасанды ақшаны тез айыра алмаған, сурет жоғары сапамен жасалып, бояу өшірілмеген. Тек арнайы құралмен қарағанда ақшаның күміс жолағы мен барыс суретіне қойылған қорғаныс белгілеріндегі айырмашылықты байқауға болады", - деді баспасөз қызметінің жетекшісі.

Күдіктілер қолға түскенде, олар Жамбыл облысында тарихи орындарды көру үшін келгендерін алға тартты. Олардан бес мыңдық жалған купюрасы тәркіленді. Күдіктілердің ізіне түскен кезде олар жалған ақшадан құтылғысы келген.

Алайда шұғыл уәкілдердің пайымдауынша шын мәнінде бұл жалған ақшаның 20 данасы болған. "Көліктің ішінде табылған заттарға қарап, олар жол бойында кездескен дүкендерден актив карталарын, азық түліктерді сатып алып отырған. Сондай-ақ, жанармай құйған. Сондықтан қазіргі кезде жалған ақшаны таратушылардан зардап шеккендер анықталуда ", -деп түсіндірді Р. Қалдыбекова.