Жамбыл станциясында Қырғызстан азаматшасынан 5 кг героин тәркіленді

Баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, көліктік Оңтүстік-шығыс ІІД есірткі саудасымен күрес басқармасының қызметкерлері жедел іздестіру шаралары кезінде Қырғызстан Республикасының азаматшасын тұтқындады. Одан салмағы 4 кг 974 грамм болатын героин тәркіленді.

Баспасөз қызметінен хабарлағандай, аталмыш дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 259-бабының 4-тармағы (Сату мақсатында есірткі заттарын заңсыз сатып алу, тасымалдау немесе сақтау) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тұтқындалушы уақытша тергеу изоляторында жатыр. Тергеу амалдары жүргізілуде.