Ол ақынның туғанына 165 жыл толуына орай ұйымдастырылып отыр.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндағы басты мақсат - жас оқырмандар арасында Жамбыл Жабаевтың шығармашылығын, оның қазақ әдебиетінде қалдырған ақындық өнерін, айтыс өнерінің дамуына қосқан үлесін кеңінен насихаттау болып отыр.
Кешке оқырмандар, студенттер, Қожа Ахмет Яссауи атындағы №123 мектеп-гимназия мен Ахмет Байтұрсынов атындағы №139 мектеп-гимназия оқушылары қатысты. Олар ақынның өлеңдерін жатқа оқып, «Жамбыл мен Құлманбет», «Айкүміс пен Жамбыл» айтыстарын орындады.
«Кештің «Өлең - сөздің даңғылы, бар қазақтың - Жамбылы» деген атаумен өтуінің өзі үлкен бастаманы аңғартып отыр. Осы кешке ат салысқан әр бала мұндай шарадан құр қайтпасы анық. Олар рухани бағытта өздеріне керектіні алды деп ойлаймын. Ақын, жазушы, жырау, жыршы болған тұлға жайлы білмеу, оның шығармасын жан-дүниеңмен түсінбеу дұрыс болмас, әрине. Сол, себепті де бүгінгі кештің өтіп отырғаны көңіл қуантады», - деді кеш қонағы ақын, Қазақстан Жазушылар Одағы басқарма төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Жайлыбай.
Шара соңында белсене атсалысқан студенттер мен оқушыларға мақтау қағазы мен қазақ ақын-жазушыларының әдеби кітаптары берілді.