Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарында жол жабылды


10 желтоқсан күні сағат 06.40-тан бастап боран салдарынан жолдың нашар көрінуіне байланысты «Алматы»-«Ташкент» (162-238 км) жолының учаскесі жүк көліктері үшін жабылды. 
Ал Оңтүстік Қазақстан облысында қатты боранға орай түнгі сағат 00.50-ден бастап «Термез-Ташкент-Алматы» (593-658 км) тас жолы барлық көлік түрлері үшін жол жабылды.