Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарындағы су қоймаларында суға батып кеткен адамдардың мәйіттерін іздестіру жұмыстары тоқтатылды

ТЖМ мәліметінше, 1 сәуірдегі 21 сағат 30 минуттағы жағдаймен Оңтүстік Қазақстан облысының Боралдай өзенінде суға батып кеткен адамның мәйітін іздестіру жұмыстары қатты ағысқа байланысты тоқтатылды. Сондай-ақ, 1 -сәуір күнгі 22 сағаттағы жағдаймен Жамбыл облысының Тасөткел су қоймасында суға батып кеткен адамның мәйітін іздестіру жұмыстары жәбірленушінің дәл жатқан жері анықталмауға байланысты тоқтатылды.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 28 наурызда Жамбыл облысының Тасөткел су қоймасында бір ер адам балық аулап жүріп суға батып кетсе, 29 наурызда Оңтүстік Қазақстан облысының Көктөбе ауылы, Боралдай өзеніне суда жүзіп жүріп бір ер адам суға кетті. Олардың мәйіттерін судан құтқару қызметі іздестірді.