Жамбыл және Павлодар облысының әкімдері ауысуы мүмкін

Павлодар облысының басшысы Ерлан Арын отставкаға кету туралы өтініш берді, оның орнына Жамбыл облысының қазіргі әкімі Қанат Бозымбаев тағайындалады.

Дереккөздер Жамбыл облысының жаңа әкімі кім болатынын мәлімдемеді.

Е.Арын аймақты 2012 жылдың қаңтарынан басқарды, Қ.Бозымбаев Жамбыл облысына 2009 жылдың қарашасында тағайындалды.