Жамбыл облысының Байзақ ауданында Алматы - Ташкент тас жолының 469-шы шақырымында 28 шілдеде сағат 19.30-да "Фольксваген" көлігі "ВАЗбен" соқтығысты.
Апат салдарынан "Фольксваген" көлігінде отырған 28 жастағы әйел мен жас нәресте, сондай-ақ, "ВАЗ" көлігінде отырған 45 - 50 жастағы әйел оқиға орнында қаза тапты; екі жүргізуші мен төрт жолаушы ауруханаға жатқызылды.
Сонымен бірге, Қарағанды облысының Ақтоғай ауданында Алматы - Екатеринбург тас жолының 691-ші шақырымында 29 шілдеде сағат 15.30-да екі "КамАЗ", "Тойота-Камри", "Ниссан" және "Тойота" секілді бес көлік соқтығысты.
Апат салдарынан "КамАЗ" және "Тойота-Камри" көліктерінің жүргізушілері ауруханаға жатқызылып, "Тойотада" отырған 18 жасар қыз ауруханаға жатудан бас тартты.