Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.
Жүргізушілер арасында тәртіпті жақсарту, жол-көлік оқиғасының санын азайту және жол ережесін бұзудырмау мақсатында Жамбыл облысы аумағында «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті.
Бір күнде 797 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.
Атап айтсақ, шара барысында 84 жүргізушіге жылдамдықты арттырғаны үшін әкімшілік хаттамалар толтырылса, мас күйінде көлікті басқарған 4 жүргізуші, бағдаршамның тыйым салынған түсіне өткен 20 жүргізуші анықталды. Сондай-ақ, көлікті құжатсыз немесе оны басқару құқығы жоқ 56 жүргізуші рөлге отырғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұдан бөлек жаяу жүргіншілердің 80 жол ережесін бұзу дерегі анықталған.
«101 жүргізуші қауіпсіздік белдігін тақпай көлікті басқарса, 117 жүргізуші маневр жасау ережесін бұзған. Сонымен қатар, 61 жүргізуші көлікті жүргізу кезінде ұялы телефон қолданған. Қарсы жолаққа шығып кеткені үшін 2 жүргізушіге, жолда авариялық жағдай тудырған 5 жүргізушіге хаттама толтырылды. 23 автокөлік айып тұрағына қойылды», - дейді облыстық ПД Жергілікті полиция басқармасы бастығының орынбасары Жайдарбек Құттыбаев.