Оның беруі кінәсін мойындап тергеу жұмыстарына көмек берген. Ал, екі шенді полицей мен екінші бизнесмен өздеріне шаң жуытар емес. Бұл дау бақылау камерасынан шығып отыр. 50 қондырғыны қала көшелеріне орнату үшін бюджеттен 200 млн. теңге бөлініпті. Қыруар қыржы қолдарына түскен соң тәртіп сақшылары ең болмаса жәй есеп үшін де тендер өткізбей, тапсырыс алушы компанияны өздері таңдаған. Сөйтіп сол серіктестікпен қаржыны жымқыру операциясын жүргізген. Яғни, алынған камералардың бірде біреуі ақысына сәйкес емес. Осылайша, төрт сыбайлас 80 млн. теңгені қалтаға басқан. Жылға жуық тергеліп, сот алдына енді жеткен істің әлі ұзақ қаралатын түрі бар. Ал, процес ашық болғанымен оған тілшілер қатыстырылмайтын болды.
Loading...