«Волга» автокөлігі кеденшілердің күдігін туғызған. Тінту кезінде артқы доңғалақтарының үстіңгі жағына көп мөлшерде есірткі жасырылғаны анықталған. Жүргізушісі машинада героин барын білмедім деп бет бақтырар емес. Айтуынша, танысы темір тұлпарды Алматыға жеткізіп беруін өтініпті. Дегенмен, ол ұзақ жылға түрмеге қамалатын тәрізді. Ал, 32 келі героиннің құны қара базарда кемі 3 млн. доллар екен.
Loading...