Жамбылдық полицейлер есірткінің зияны туралы ойын түрінде айтып берді

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Іс-шараны Жамбыл облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы, Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің “Жастар ресурстық орталығы” коммуналдық мемлекеттік мекемесі, “Нығмет нұры” қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды.

Екі топқа бөлінген студенттер нашақорлық мәселелеріне қатысты сұрақтарға жауап берді, бір-біріне шифрланған жасырын сөздерді табуға көмектесті, мәселен, ұрпақ, бақыт, аурухана, ішімдік, отбасы, денсаулық, өмір, болашақ, спорт, желім, білім.