Жамбылдық полицейлерге жаңа қызметтік көліктер берілді

Темір тұлпарлардың кілтін өңір басшысы орталық Достық алаңында салтанатты жағдайда табыс етті. Аталған көліктердің 23-і жол патрульдік қызметіне 10-ы республикалық және облыстық маңыздағы жолдардағы қауіпсіздікті күзететін тәртіп сақшыларына беріледі. Қалғандары жергілікті полиция қызметі мен шалғай аудандардағы учаскелік инспекторларға бөлінбек. Осы мақсатта облыс бюджетінен 558 млн теңге көлемінде қаржы қарастырылған. Оған көліктерден бөлек бейнетіркегіштер мен радиостанциялар алынып, жергілікті полиция қызметінің ғимараты толықтай жөндеуден өткізілді.

- Статистика бойынша 1 айдың ішінде 11 пайызға барлық қылмыстық жағдай төмендеп отыр. Бұл дегеніміз өте жақсы. Қазір жергілікті әкімдер полициялармен бірге жұмыс істеуде. Мал ұрлығы төмендеді. Үй ұрлығы да, қалта ұрлығы айтарлықтай төмендеген, дейді Облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев.

- Автокөліктер техникалық жағынан ескі болған. Қазір жаңа көлік беріліп жатыр. Олардың бізге пайдасы өте көп болады. Себебі қазір XXI ғасыр өздеріңіз білесіздер. Жол қауіпсіздігін автокөлікпен қамтамасыз ету керек. Тоқтап тұрмаса. барлығы көлікпен жүреді, деді Облыстық ІІД жергілікті полиция қызметі басшысының орынбасары Самат Хусаинов.