Жамбылдық суретші Айдархан Сихаев Тараздағы ең биік мүсінді қашап жасады

«Қазақтың әйгілі Қозы Көрпеші мен Баян Сұлудың өшпес махаббатына арналған ескерткіш биіктігі бес метрді құрайды, мүсін қола жалатылған бетоннан жасалды», - деп баяндады жамбылдық мүсінші, Қазақстан суретшілер Одағының мүшесі, педагогикалық ғылымдарының кандидаты А.Сихаев.

Шығарманың ресми ашылуында мәңгілік махаббаттың күші мен жамандықтың тұрақсыздығы туралы айтып берген «Махаббат әлемді құтқарады!» атты перформанс болып өтті. Перформанс авторлары - Айдархан Сихаев пен «Әруақ» қоғамдық ұйымының мүшелері болды.

Бұл А.Сихаевтың екінші ескерткіштік жұмысы болып табылады. Ол сондай-ақ қазіргі кезде қала маңындағы «Аю-тропик» демалыс аймағын көркемдеп тұрған және жамбылдық ғашықтардың тәу етер орны болып табылатын Қыз Жібек пен Төлеген мүсіндік бейнесінің авторы.

Ескерткіштің ашылуында сөз сөйлеген жамбылдық драматург Елена Әлімжанованың пікірінше, автордың жаңа туындысы өздерінің махаббаттары үшін күрескен жас адамдардың жүрек жылуын бейнелейді.

А.Сихаев оның жұмысы жақын арада Тараздың саябағын немесе гүлзарын көркейтетініне сенім білдіреді.