Жәмилә Бақбергенова Мажарстанда чемпион атанды


Бұл туралы Спортты дамыту дирекциясы мәлім етті.

Отандасымыздың (72 кг) салмағында балуандар аз болғандықтан бәрі айналмалы жүйе бойынша күресті.

Ж.Бақбергенова әуелі Италия балуанын, сосын екінші белдесуінде канадалық балуанды ұтты. Үшінші белдесуінде моңғолиялық Энхамарды 4:2 есебімен қапы қалдырды. Ал финалда алғашқы белдесуінде жеңген италиялық Далма Ганеваны 3:1 есебімен тізе бүктірді.