Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Блогер Астанадан Балқашқа қалай жеткенін айтты.
"Пингуин Өркендеріңіз діттеген жеріне жетті ме екен деп елеңдеп отырсыздар ма? Астанадан 04.45-те шығып, 20.47 дегенде Балқаш жағасындағы Ақжайдақ стансасына келдім. Пойыз тура 16 сағат 2 минут жүрді. Тәуелсіздіктің 35 жылдығына дейін басты бағыттарға жүрдек пойыздар жүргізе алмағанымыз ҰЯТ ПА? әрине, ҰЯТ
Одан зорын айтайын - вагон 1991 жылғы, ГДР-де құрастырған. Тәуелсіздіктің түйдей құрдасының іші моншадағыдай ыстық. Миымыз кеуіп кетті. Содан дп рилсте салғандай Тоқаев пен Конгоны ойлап, саңдырақтадым. Себебі, рельстер әбден тозғандықтан һәм Мойынты жақта жөндеу жұмыстары боп жатқандықтан, онсыз да шабан пойыз қаттырақ жүре алмайды екен. Сондықтан, желдету жүйесі де дұрыс істемейді екен…
Айтпақшы, вагондарды жылыту әрине баяғы көмірмен. Шетелдіктер келсе шок-контент жасайтын-ақ еді.. Жамылғылары - биттің қабығындай. Әжетхана әрине әр бекет сайын құлыпталады. Сол баяғы 90-жылдарға қайтадан тап болғандаймын. Енді қайтуды айтсаңызшы? Қайта 16 сағат жүрерімді ойласам… Әй, @ktzh.kz_official@ktzh_kaz_temir_zholy оңбайсыздар-ау, сөзім жоқ", - деп жазды ол.