Бұл туралы ол TikTok желісіндегі парақшасында жариялады, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
“Мен, Жанықұлова Жанна Маратқызы, 5 баланың анасымын. Барлық баланы заңды некеде Жұмабек Жанықұлмен болған кезде өмірге әкелдім. Онымен бірге 20 жыл некеде тұрдым. Ажырасуға себеп - оның көзге шөп сала беруі мен тоқалдары. Қазіргі таңда сот процесі жүріп жатыр. Некеде болғанымызда мал-мүлік, неке шарты деген мәселе болған емес. Жаңа әйелі пайда болғалы осы жағдай пайда болып, ол ажырасуға шешім қабылдады”, - деді Жанықұлдың бұрыны әйелі.
Сондай-ақ, ол сот процесінің дұрыс жүрмей жатқанын айтып, көпшіліктен көмғк сұрады.
”Маусымның 24-і күні сот процесі өтіп, судья шағымданушы тараптың бірдғ бір өтінішін қанағаттандырмады. Салық басқармасынан алынған ресми жауапқа сәйкес “Қаражал Оперейтинг” деген тек бір ғана компанияның үг жылдағы табысы 20 миллиард теңгеден асқан. Оның ондай компаниясының 18-і бар. Бірақ судья оған мән берген жоқ. Соттың әділ өтуі үшін көпшіліктен көмек сұраймын”, - деді әйел.