Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Қазақстанда жұмыссыз азаматтарды қайта даярлау және жаңа мамандықтарға оқыту бағдарламалары еңбек нарығына бейімделудің негізгі тетіктерінің біріне айналып отыр. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, қысқа мерзімді кәсіптік оқыту жұмыссыз адамдарға жаңа мамандық игеруге, кәсіби дағдыларын жаңартуға және кейін жұмысқа орналасуға мүмкіндік береді.
Министрліктің редакциямызға берген жауабына сүйенсек, қысқа мерзімді кәсіптік оқыту жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің негізгі шараларының бірі саналады. Бұл тетік жұмыссыз азаматтардың нақты еңбек түрлеріне қажет жаңа немесе өзектендірілген кәсіби дағдыларды қысқа мерзім ішінде игеруіне бағытталған.
Оқу 6 айдан аспайды, ал жұмысқа орналасуға кепілдік беріледі
Кәсіптік оқытуға мамандыққа оқыту, қайта даярлау және біліктілікті арттыру кіреді. Оқу ұзақтығы меңгерілетін нақты біліктілік пен дағдыға байланысты айқындалады және алты айдан аспайды.
Министрліктің мәліметінше, 2022 жылдан бастап кәсіптік оқыту тек жұмыс берушілердің сұранысы бойынша ұйымдастырылады. Яғни, оқу бағдарламалары еңбек нарығындағы нақты қажеттілікке сай жасақталады. Бұл өз кезегінде алынған білім мен дағдылардың жұмыс беруші талаптарына сәйкес келуіне және кейінгі жұмысқа орналасу мүмкіндігін арттыруға жол ашады.
Қазіргі уақытта жұмыс берушінің өтініші бойынша кәсіптік оқытудың екі түрі ұсынылады:
Оқытуды ұйымдастыру үшін жұмыссыз азамат, жұмыс беруші, мансап орталығы және оқыту ұйымы арасында әлеуметтік келісімшарт жасалады. Бұл келісім оқыту түріне қарай үшжақты немесе төртжақты болуы мүмкін. Құжатта әр тараптың құқықтары мен міндеттері нақты айқындалады.
Білім беру ұйымдарында оқығандардың 4 мыңға жуығы жұмысқа тұрған
Еңбек министрлігінің мәліметінше, 2025 жылдың қорытынды кезеңі бойынша білім беру ұйымдарында оқуға 6 350 адам жіберілген. Оның ішінде:
Бұл көрсеткіш қысқа мерзімді оқытудың нақты нәтиже беріп отырғанын көрсетеді.
Жұмыс орнында оқыған 2 мыңнан астам адам жұмысқа орналасқан
Сонымен қатар 2021 жылы 2021-2025 жылдарға арналған Ұлттық кәсіпкерлікті дамыту жобасы аясында қысқа мерзімді кәсіптік оқытудың жаңа форматы іске қосылды. Бұл – жұмыс берушімен бірге жұмыссыз азаматтарды тікелей жұмыс орнында оқыту.
Мұндай оқыту кәсіпорындар мен ұйымдар базасында жүргізіледі. Жұмыссыз азаматқа тәжірибелі қызметкерлер арасынан тәлімгер бекітіледі. Оқу барысында жұмыс беруші мен жұмыссыз адам арасында еңбек шарты жасалады.
Министрліктің мәліметінше, кәсіптік оқудан өтіп жатқан жұмыссыз азаматтардың жалақысы Еңбек мобильділігі орталығы арқылы олардың ағымдағы шоттарына аударылады.
2025 жылдың қорытынды кезеңі бойынша бұл бағытта:
Яғни жұмыс орнында тәжірибе арқылы оқыту да еңбек нарығында сұранысқа ие тиімді тетік ретінде көрініп отыр.
skills.enbek.kz платформасында 63 мыңнан астам адам онлайн оқыған
Жұмыссыздарды және жалпы азаматтарды кәсіби тұрғыда дамытуға арналған тағы бір маңызды құрал – skills.enbek.kz кәсіби оқыту платформасы. Бұл платформа 2021 жылдың шілдесінен бері жұмыс істеп келеді.
Онда IT, кәсіпкерлік және басқа да сұранысқа ие бағыттар бойынша ақылы және тегін онлайн курстар қолжетімді. Платформа азаматтардың кәсіби құзыретін арттыруға, мансаптық дамуына қолдау көрсетуге және “өмір бойы білім алу” қағидатын ілгерілетуге бағытталған.
Платформадағы курстар Қазақстанның барлық азаматына қолжетімді. Бағдарламалар нақты мамандықтар бойынша кәсіби дағдыларды дамытуға арналған және олардың ұзақтығы 1 сағаттан 72 сағатқа дейін созылады.
Пайдаланушылар өздеріне қажет курсты өз бетінше таңдап, материалды дербес оқиды. Ал онлайн курсты аяқтағаннан кейін берілетін сертификат туралы ақпарат Электрондық жұмыспен қамту биржасындағы түйіндемеде автоматты түрде көрінеді.
Министрлік дерегінше, платформа іске қосылғалы бері әртүрлі бағыттағы 575-тен астам онлайн курс орналастырылған. Соның ішінде 291 курс тегін ұсынылады. Тегін курстар қатарына:
2025 жылдың қорытынды кезеңі бойынша онлайн оқудан: