«Жаңа жылға дейін көп зейнетақы түседі»: Еңбекмин қарияларға шұғыл ақпарат таратты

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап хабарлайды.

Дереккөзге сүйенсек, қазір 2026 жылдың қаңтар айына арналған зейнетақы 30 желтоқсанға дейін әрі келесі жылғы өсімді ескере отырыптүседі деген фейк-ақпарат тарап жатыр.

«Зейнетақы мен жәрдемақылар өз кестесіне сай төленетінін хабарлаймыз. Индексацияны ескере отырып, қаңтар айының зейнетақы төлемдері 2026 жылдың қаңтар айында төленеді», - деп хабарлайды Еңбек министрлігі.

Желтоқсан айының зейнетақы төлемдері толық төленіп қойған. Еңбек министрлігі зейнеткерлерге зейнетақыны ерте аударамын деген адамдарға код айтпауды ескертіп отыр.