Жаңа жылыңмен деп құттықтау күнә - блогер

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Айнұр Қайратқызы есімді блогер жаңа жылды мұсылмандарға тойламақ түгілі, оны айтудың өзі күнә деді.

-Егер мұсылман біреуді жаңа жылыңмен деген сөзбен құттықтайтын болса, онда ол күнә болады. Бірақ, еүпірлікке түспейді, ол діннен шықпайды.

Құттықтауға қалай жауап берген дұрыс? Егер біреу "жаңа жылыңмен" деп құттықтайтын болса, оған "рахмет, өзіңе де" деп, жауап беруге тыйым салынады. Себебі, шариғатта күнәға алғыс білдіру күнә. Оның орнына "саған барлық жақсылықты тілеймін" деп, жауап берген дұрыс. Сондай-ақ, жаңа жылдың құрметіне бір-біріне сыйлық беру, жаңа жылдық мерекелерге балаларды қатыстыру, үйге шырша ілу - шариғатта рұқсат емес.

Біз исламның мерекелерімен жүруіміз керек, делінген видеода.

"Жаңа жыл тек цифрдің өзгеруі ғой. Бір күн және бір жыл өзгерді , бітт! Оның несі күнә? Уақыт емес па ол", "Осылар мұрын боғы ағып жүріп, ақыл айтады", "Қатындар пәтуа беретін болған ба не?", деп жазды блогердің оқырмандары.