Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу басталған.
“ІІМ "Заң мен Тәртіп" принципі бойынша жұмысты жалғастыруда. "Бекіре" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Маңғыстау облысының криминалдық полиция қызметкерлері Жаңаөзен қаласында сирек кездесетін балықтарды заңсыз сақтаған жергілікті тұрғынды ұстады. Ер адамнан жарты тоннадан астам бекіре тәркіленді. Қылмыстық кодекстің 339-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды”, - деді ІІМ полиция департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетов.