Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
"Немереңіздің туған күні құтты болсын, Жанар Ханым! Көріп отырғасын өз ойымды жазғым келді. Қалайша Адайбеков деп өз қызыңыздың өз тегін беруді сзі жіберіп қойдыңыз?! Сіз ондай қазақи ұстанымды қатты ұстанатын, қазақи отбасы емессіз бе? Әкесі тірі, бар екені анық, қандай да болса соның қаны емес пе? Соның тегінде болғаны дұрыс еді", - деп Жанар Айжановаға пікір қалдырды.
Жанар Айжанова бұл оқырманына бірден "Маған не дейсің, Алланың берген нығметінен бас тартып, некеге тұрмай қашып, туған баланы тек асырап алып отырамыз, загске тұрғызбаймыз деп өздері ғой", - деп жауап берді.